420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының құтқарушылары терезелерге қауіпсіздік құрылғыларын орната бастады

  • 233
  • UPD: 11:58, 26.06.2020
Алматы облысының құтқарушылары терезелерге қауіпсіздік құрылғыларын орната бастады

Алматы облысындағы құтқару қызметінің мамандары көп қабатты үйлердің терезесіне арнайы құлыптарды орната бастады, деп хабарлайды «Хабар 24.

Сала мамандары, осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алмақ. Шара «Біз балалардың қауіпсіздігі үшін» акциясы аясында қолға алынып отыр. Бүгінгі күнге дейін төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері көп балалы отбасы тұратын оннан аса үйге қауіпсіздік құрылғысын орнатып берді. Облыс орталығынан бастау алған игі бастама өңірдің барлық аудан-қалаларында жалғасын таппақ.

Ерлан Ахашов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Біздің облыста биыл бір бала терезеден құлап кетті. Ондай жағдайды болдырмау үшін терезені ашық қалдырмау керек. Әрі терезенің алдына жиһаз қоюға болмайды. Бүлдіршіндердің терезе жақтауына шықпауын қадағалау керек. Ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы