418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қосымша карантиндік шаралар енгізілмек

  • 146
  • UPD: 15:00, 26.06.2020

Шығыс Қазақстан облысында соңғы бір тәулікте COVID-19 індеті тағы 54 адамнан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

33 науқас Семейден, 13 адам Өскеменнен тіркелді. Ал, жалпы жұқпалы індетке шығыста бүгінге дейін 609 адам шалдыққан. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым бөлігі ауру белгісі білінбей жеңіл өтіп жатыр. Дегенмен, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай қиындағындықтан, ертеңнен бастап қосымша карантиндік шаралар енгізілмек. Ол үшін Өскемен мен Семей қаласының бас санитарлық дәрігерлері қосымша қаулы шығарды. Ол бойынша азық-түлік дүкендерінен өзге қызмет көрсететін нысандардың жұмысы шектеледі. Түнгі сағат 22:00-ден таңғы 05:00-ке дейін барлық көлік түрінің жүрісі тоқтатылады. Бірақ қалада блок-бекеттер қойылмайды. Ал, кешеден бері барлық қоғамдық орындарға жаппай дезинфекция жасалып жатыр. Әсіресе, адам көп жүретін базар, аялдама мен үлкен даңғылдардың бойы тәулігіне үш рет дәріленеді. Сондай-ақ қоғамдық көліктер әр үш сағат сайын толық тазаланады. Ол үшін әрбір автопарк арнайы қондырғыларды бұған дейін де орнатқан. Ал, автобустың ішіне әр айналым сайын зарарсыздандыру жүргізіледі.

Қанат Қалелов, автопарк директоры:

- Күніне 75 автобус шығады кестеге. Барлық автобустар таңертең және кешке жуылады. Күндіз кондукторлар соңғы аялдамаларда жуып-тазалап, әрбір рейс жасаған соң кішкентай дезинфекция жасайды.

Хабар 24 телеарнасы