423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияға Қазақстаннан әзірге ұшақ ұшпайды

  • 235
  • UPD: 14:30, 26.06.2020
Грузияға Қазақстаннан әзірге ұшақ ұшпайды

Air Astana Грузияға халықаралық рейстердің орындалуы 1 тамызға дейін шегерілгенін хабарлайды.

Бұдан бұрын әуе компаниясы Грузия үкіметінен 1 шілдеден бастап ұшуға рұқсат алған еді. Алайда кеше Грузияның Азаматтық авиация агенттігі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық халықаралық рейсті 1 тамызға дейін тоқтататынын мәлімдеді.

Жолаушылар өз билеттерін 1 тамыздан басталатын рейстерге қайта брондап немесе рейстің бағытын Ыстанбұл немесе Антальяға ауыстыра алады. (тариф айырмасын есепке алумен)

Ақпарат көзі: «Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

 

Хабар 24 телеарнасы