419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

27 маусымда елордадағы ХҚКО-лар жұмыс істемейді

  • 335
  • UPD: 14:50, 26.06.2020
27 маусымда елордадағы ХҚКО-лар жұмыс істемейді Tengrinews

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты вирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қаланың санитарлық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысымен елордалық ХҚКО-лар 27 маусым күні өз жұмысын уақытша тоқтатады.

Аталған күнге жасалған бронь жарамсыз болып табылады. Кезекті басқа күнге қайта броньдау керектігін ескертеміз.

Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы броньдай алады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды 23 маусымнан бастап 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдап жатқанын еске сала кетейік.

Ақпарат көзі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейтінін хабарлағанбыз.

Елордада 27-28 маусым күндері азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы