Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында тілшілер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қорытындысын жариялады. Соңғы аталған конкурстың нәтижесі бойынша, арнамыздың тілшісі Мирлан Алтынбек жүлделі орыннан көрінді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысушыларға Палатаның заң шығару қызметін дәріптегені үшін алғыс білдірді.