427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда анасы мен үш қызын өрттен құтқарған азамат марапатталды

  • 430
  • UPD: 15:32, 26.06.2020
Петропавлда анасы мен үш қызын өрттен құтқарған азамат марапатталды

Амангелді Сұлтанов оларды жанып жатқан үйден алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға наурыз айында болды. Тілсіз жау отбасы шырт ұйқыда жатқанда таңғы 05:00 шамасында тұтанған. Сол уақытта далаға шыққан көршісі түтінді көріп, ойланбастан оттың ортасына кірді. Ерлік көрсеткен зейнеткерге Ішкі істер министрінің атынан «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды. Тура осындай марапат Есіл өзеніне батып бара жатқан жігітті құтқарып қалған студенттерге де берілді.

Хабар 24 телеарнасы