426,94 518.00 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған жолын жаңарту жұмыстары 60% аяқталды

  • 425
  • UPD: 16:12, 26.06.2020
Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған жолын жаңарту жұмыстары 60% аяқталды

Қазақстанның солтүстігінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жолды реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы басталған еді.

Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған жолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі 60 шақырымын қайта жаңарту жұмыстарын қазақстандық «К-Дорстрой» компаниясы жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жолшылар жол жабындысын жолдың 37 шақырымында ауыстырған. Сонымен қатар су өткізгіш 22 құбырды және 4 мал өтпесін салу жұмыстары орындалды. Жолдың толық бойында 450-ден астам адам, техниканың 275 бірлігі жұмыс істеуде.

Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жол Іб және ІІ техникалық санаттарындағы жолға сәйкестендірілмек. Қазіргі таңда жұмыстардың 60% аяқталған. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қозғалыс жыл соңына дейін жол учаскесінің толық бойында ашылатын болады.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы