418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда санитар талаптарын орындамаған дүкендер жабылды

  • 198
  • UPD: 17:38, 26.06.2020
Оралда санитар талаптарын орындамаған дүкендер жабылды

Оралда санитарлық талаптарды бұзған 10-ға жуық нысан жабылды. Мамандар мониторингтік топпен бірге жүргізген тексеру шаралары барысында бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Санитарлық талаптарды елемеген нысандардың дені азық-түлік дүкендері.

Мәдениет Танауов,  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Бұзушылықтар қазір дезинфекциялық заттар жеткіліксіз мөлшері және ішінде санитайзер орнатылмаған. Антисептиктер жетпейді. Және өзінің ішіндегі қызметкерлерінің сан-диз режимді сақтамауы анықталғаннан кейін біз ұсыныс ретінде айтамыз осындай мерзім ішінде бұзушылықтарды жою керек деп. Және олар тексерген кезде өз еркімен жабылады. Керек құралдарын алып орнатып содан кейін біздің қызметкерлер шығып дайындығын қарап әрі қарай ол мекемелер ашылады.

Хабар 24 телеарнасы