418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша дауыс беру жүріп жатыр

  • 156
  • UPD: 17:40, 26.06.2020

Халыққа ұсынылып отырған өзгерістер арасында құқықтық кеңістікте негізгі заңға басымдық беру, Конституциялық Сот судьяларының санын қысқарту, Мемлекеттік Дума мен Федерация кеңесіне жаңа өкілеттіктер беру, сондай-ақ президенттік мерзімге қатысты шектеулерді алып тастау сияқты пунктер бар. Референдум 1 аптаға созылады.

Референдум ерекше талаптармен өтіп жатыр. Қауіптің беті әлі қайтпағандықтан, әр адам арақашықтықты сақтауы тиіс. Биыл дауыс беру кабинасы да әдеттегідей пердемен жабылмаған. Дене қызуы жоғары азамат бөлек бөлмеге жіберіледі. Ал үй карантинінде отырғандарға арнайы жәшік жеткізіледі. Елде мұндай сайлаушылардың саны 3 миллион 700 мыңнан асады. 

Элла Памфилова, ОСК төрағасы:

 - Эпидемияға байланысты бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып отырмыз. Коронавирус өршіп тұрған  кезде сайлау науқаны өткен 10-нан аса мемлекеттің тәжірибесін зерттедік. Оңтүстік Кореяда сайлау індет бәсеңдей бастаған кезде өтті. Осы елдердің тәжірибесіне сүйеніп, сақтық шараларын күшейттік.

Тағы бір ерекшелік – бұл жолы ғимаратқа кірмей, далада дауыс беруге болады. Дегенмен, мұнда да сайлау барысы байқаушылардың жіті назарында. 

Тамара Анчиполовская, байқаушы:

-  Дезинфекция әр 1,5-2 сағат сайын жасалады. Біз осында тұрамыз. Сәл қиындау әрине. Бірақ шыдауға  тура келеді

Ал Мәскеу мен Нижегородск облысының тұрғындары онлайн режимінде таңдау жасай алады. Науқанның алғашқы күні электрондық сайлау жүйесін дауыс берушілердің 40%-дан астамы пайдаланған. Бұл – 468 мыңнан аса тұрғын. Дегенмен, орта жастағы адамдар мен зейнеткерлер бұрынғы әдісті, яғни сайлау учаскелеріне келуді жөн санайды.

БЛИЦ:

- Әдеттегідей барлығы жақсы ұйымдастырылған. Ал Конституция менің көңілімнен шықпайтын. Ол 1993  жылы қабылданған. Мен оған дауыс берген жоқпын.

- Мен күні бойы жиналдым. Келуге бел будым. 

Референдум кезінде сайлаушылардың қанша проценті қатысқаны назарға алынбайды. Яғни дауыс бергендердің жартысынан көбі түзетулерді қолдаса жеткілікті. Десе де, оппозиция мемлекеттік қызметкерлер мәжбүрлі түрде қатысып жатыр дегенді алға тартып, плебисцитті заңсыз деп тануға шақырып отыр. 

Денис Волков, «Левада-Центр» әлеуметтанушысы:

 - Дауыс берушілердің 55%-ы түзетулерді қолдауға дайын. 25%-і қарсы. Қалғаны екі ойлы күйде. Яғни  үгіт-насихат жүргізіп, оларды шақыру керек. Өйткені 5% аса үлкен айырмашылық емес. 

Дауыс беру 1 аптаға созылады. 1 шілде соңғы әрі шешуші күн.

Авторлары: Дана Нұржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы