428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда демалыс күндері бірқатар шектеу енгізіледі

  • 276
  • UPD: 22:27, 26.06.2020
Алматыда демалыс күндері бірқатар шектеу енгізіледі

Алматыда 27-28 маусым, яғни демалыс күндері COVID-19 кең таралып кетпеуі үшін бірқатар шектеу енгізілді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен коронавирустың таралып кетуіне жол бермеу үшін құрылған комиссия, бірқатар ірі сауда, ойын сауық орталықтарына тыйым салу керек деп шешті. Сондай- ақ базарлар, фитнес клубтар, жабық тамақтану орындары жұмыс істемейді. Тек ашық даладағыларға, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қызмет көрсетуіне болады. Қоғамдық көліктер де жүрмейді. Қосымша карантиндік шектеу шаралары 27 маусым сағат 00:00-ден бастап, 29  маусым cағат 00:00-ге дейін күшіне енеді. Осыған байланысты азаматтарға қала бойынша қозғалысты шектеу және егде жастағы тұрғындарға үйден шықпау керектігі ескертілген. Эпидемияға қарсы шараларды бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы