476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда ауыз су кесте бойынша беріледі

  • 867
  • UPD: 20:25, 26.06.2020
Оралда ауыз су кесте бойынша беріледі

Ал Оралда тұрғындарға ауыз су жеткізуде тапшылық байқалуы мүмкін. Қала билігі алдағы күндері тіршілік нәрінің тек кестеге сәйкес берілетінін ескертті.

Түнге қарай судың қысымы 70 процентке дейін төмендемек. Су жеткізуші кәсіпорын суды үздіксіз беруді қамтамасыз ете алмай отыр. Ал облыс орталығында тұрғындардың суға деген қажеттілігі екі есеге артқан. Кәсіпорын судың жартысын Жайық өзенінен, ал қалған ұғымалар су асты көздерінен алады. Тіршілік нәріне деген тапшылықты жою үшін қосымша ұңғымалар қазылуы тиіс.    

Қайырғали Имашев, су жеткізуші кәсіпорынның бас директоры:

- Мына жерде диаметрі жарты метр болатын бетон құбыр жатыр. Ол төрт жерінен жарылған. Ағын судың 70 проценті осы құбыр арқылы өтеді. Егер қазір тағы жарылса қаланың 70 проценті сусыз қалады деген сөз. Сондықтан коллекторға түсетін қысымды азайтуға мәжбүрміз. Өйткені, су жинайтын ыдыстарды толтырып үлгіре алмай жатырмыз.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

- Су беруді шектеу уақыттары олар деген таңғы 7-ден 9-ға дейін 100 пайыз су беріледі. Және 12-ден 14 сағатқа дейін, және 19 дан түнгі 22 сағатқа дейін толық 100 пайыз су берілетін болады. 9-дан 12 ге дейін дейін, күндізгі сағат 2-ден 19-ға дейін судың берілу қысымы 50 пайызға дейін төмендейді. Және түнгі мезгілде суды беру қысымы 70 пайызға дейін төмендейтін болады.

 

Хабар 24 телеарнасы