430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті

  • 385
  • UPD: 22:20, 26.06.2020
Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамыту жөнінен қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Қазақстанда туристерді қызықтыратын жерлер көп. Бірақ ол үшін еш жағдай жасалмаған. Осы ретте онлайн кездесуде Іле Алатауы ұлттық паркінде экотуризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар таныстырылды. Онда жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен этноауыл сынды туристік нысандар салынбақ. Сондай-ақ жиында экобелсенділер мен қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары да тыңдалды. Кездесуде айтылған мәселелер қоғамдық кеңес тарапынан қолдау тапты.

Хабар 24 телеарнасы