417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы С.Торайғыров университеті түлектерге қолдау көрсететін жолақ жасады

  • 161
Павлодардағы С.Торайғыров университеті түлектерге қолдау көрсететін жолақ жасады

Павлодардың Сұлтанмахмұт Торайғыров университеті Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатқан түлектерге қолдау көрсететін жолақ жасауды ойлап тапқан.

Залалсыздандыру дәлізінің едені «140 балл жина», «Мақсатыңа жет», «Жақсылыққа ұмтыл» деген тілектерге толы жазбалармен безендірілген. Жастарға психологиялық қолдау көрсетіп, демеу болатын ерекше бастама әлеуметтік желілерді жаулап алды. Желі қолданушылар оң баға беріп, жағымды пікірлер жазу үстінде. Атап өтерлігі, Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні қалыпты жағдайда өтті. Тек ереже бұзған 11 түлек емтихан залынан шығарылған. Бүгін 256 баланың білімі сынға түсіп жатыр. Университет қабырғасында жалпы саны 2 мыңдай оқушы тест тапсырады.

Пётр Быков, университеттің  академиялық жұмыстары жөніндегі проректоры:

- Осындай жауапты кезеңде балаларға қолдау көрсету маңызды. Олар 11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімін сарапқа салады. Біз олардың зердесіне тек жағымды сәттерді сіңіруді жөн көрдік. Ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу баланың көңіл-күйіне тікелей байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы