419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда демалыс күндері жағажайда демалуға тыйым салынды

  • 454
Ақтауда демалыс күндері жағажайда демалуға тыйым салынды

Маңғыстау облысында демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды.

Аймақта эпидемиологиялық ахуалдың мәз емес. Осыған орай облыстың бас санитар дәрігері бірқатар шектеу енгізді. 27,28 маусым күндері саябақтардың, скверлердің, жағалау мен аквапарктердің жұмысы тоқтайды. Яғни жағажайларда демалып, суға түсуге тыйым салынды. Барлық базар мен фитнес клуб екі күнге жабылады. Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы да тоқтайтын болды. Осылайша маңғыстаулықтар демалысты үйлерінде өткізеді. Тәртіп бұзған тұрғындар заң аясында жауапқа тартылады. Сонымен қатар вирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырғандар санының артуына орай Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының бірқатар ауылдарына кіріп-шығуға шектеу қойылды. Жаңаөзенге кіре беріс тұсқа блок-бекет қойылып, Жаңаөзеннен Ақтауға және Жаңаөзеннен Жетібайға барар жол жабылды. Бұл блок-бекеттер 13 шілдеге дейін тұрады. 

Хабар 24 телеарнасы