431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық құтқарушы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

  • 318
  • UPD: 21:18, 27.06.2020
Елордалық құтқарушы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Елордада екі күн бойы жаңбыр жауып, бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды «Хабар 24.

Түнде коммуналдық қызметтер 20 мың текше метрден астам жаңбыр суын сорды. Бітеліп қалған жүйелер жауын-шашын кезінде нөсерлік кәріздердің уақытылы жұмысына кері әсер етеді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Ташенов көшесі мен Абылай хан – Таха Хусейн даңғылындағы коллектор толығымен бітеліп, одан 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.

Елорда көшелерімен қатар кей жер үйлерді су басып жатыр. Иелері қанша қорғанса да, тілсіз жауға тосқауыл бола алмауда. Ал, құтқарушы мамандар күшейтілген режимде жұмыс істесе де, үлгере алмай жатыр. Әкімдіктің баспасөз қызметі қала көшелерінде 140 арнайы техника жұмылып, түнде 20 мың текше метр жаңбыр суы сорылғанын хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы