429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік дәрігерлер елді дүрліктірген бейнежазбаға түсініктеме берді

  • 633
  • UPD: 22:34, 27.06.2020

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды дер кезінде қабылдап, тиісті медициналық көмек көрсету үшін қосымша 500 провизорлық орын ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Алдағы күндері тағы 700 орын қосылмақ. Естеріңізде болса, біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде «Шымкенттік науқастар аурухана табалдырығында көз жұмып жатыр», деген ақпарат шыққан еді.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Шымкенттегі провизорлық орындардың тек 77%-інде адамдар жатыр. Инфекциялық ауруханалардағы 650 орынның 535-інде науқастар емделуде. Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа жедел медициналық көмек экипажы жұмысын ұйымдастырудағы қателік себеп болған.

Шолпан Оспанова, қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

- Диспетчерлік қызметтен қателік кетті. Біз эксперттермен қарап жатырмыз, кімнің кінәлі екенін, олардың барлығына шара қолданылады.

Емханаларда жаппай стационарлық бөлімшелер ашылып жатыр. Бұл тағы 5 мың адамды медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Ертең тағы 200 ашамыз, дүйсенбі күні тағы 500 ашамыз, одан басқа қазіргі кезде біз кешеден бері күндізгі стационар аштық, 51 мекемеде 628 орынға. Қазіргі кезде бізде бүгін 248 орын әлі бос, ешкім тіркелмеген.

«Бұл жедел жәрдем қызметіне түсетін салмақты біршама азайтады», - дейді елді дүрліктірген бейнежазбаға қатысы бар жедел жәрдем экипажының дәрігері Арман Хамзин.

Арман Хамзин, жедел жәрдем станциясының дәрігері:

- Мысалы менің қарауымда өкпе қабынуының өте ауыр түріне шалдыққан науқас болды. Сөйтіп, ол адамды қай стационарға орналастырамыз деген сұрақты тез шешу керек болды. Өйткені ол сәтте «ешқайда орын жоқ» еді. Міне, сондай кездері расымен абдырап қаламыз. Мен де өз науқасымның тағдыры үшін қатты алаңдадым.

Қазір қалада жағдай тұрақты. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы