429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 171 талапкер ҰБТ сынағына жіберілген жоқ

  • 402
  • UPD: 09:17, 28.06.2020

Шымкентте 171 оқушы Ұлттық біріңғай тест сынағына жіберілмеген. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді.

Мектеп бітіруші бұл түлектер тест сынағының тәртібін өрескел бұзған. Бұдан бөлек 51 шәкірттің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы өзінің жолын өзі кескен. Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған дейді мамандар. Дәл қазір қалада ҰБТ екі жоғарғы оқу орынында жалғасын табуда. 

Нұрбек Байбосын, тілші

Хабар 24 телеарнасы