418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы қарттар үйі жөнделеді

  • 149
  • UPD: 19:51, 28.06.2020

Төбесінен су сорғалаған ғимарат, тат басқан құбырлар мен шіріп кеткен еден.

Павлодардағы қарттар мен мүгедектерге арналған көмек көрсету үйінің қазіргі жағдайы осындай.

Төсек тартып жатқан науқастар бұл мекемеге өткен жылдың күзінде орналастырылды. Жөндеу жүргізілетіні жайында уәде болған. Бірақ оны жүзеге асыруға мүмкіндік болмай тұр. Пандемияға байланысты қаржыландыру ісі кейінге қалдырылып отыр.

Бұған дейін кездейсоқ табыспен күнелтіп келген Евгений Лидің жолы болды. 34 жастағы жігіт жұмыспен қамту орталығының қолдауымен тас қалаушы кәсібін меңгеріп шыққан. Ол қысқа мерзімде плитамен қалай жұмыс істеу керектігін үйренді. 

Евгений Ли, жұмысшы:

- Жұмысқа орналасқан кезде қолымнан ештеңе келмейтін. Қазір көп нәрсені үйрендім. Пайдалы іспен айналысып жатырмын. Кафель төсеудің шебері болғым келеді.

Қарттар мен мүгедектер үйінде жұмыс жетіп артылады. Ғимараттың төбесі тозып, едендері шіріп кеткен. Тат басқан құбырларды ауыстыру қажет. Пандустар орнатылмаған. Бұл арбада отырған мүгедектерге ғана емес, олардың күтіміне жауапты қызметкерлер үшін де ауыр.

Азамат Рамазанов, мердігер компания директорының орынбасары:

- Есіктерді кеңейтіп жатырмыз. Бұрын мүгедектер бұл жерден өте алмайтын еді. Оларға есіктің енін 80 см-ден 90 см-ге өзгерткен жүруге ыңғайлы. Өздері де далаға шыға алады. Сосын құбырларды полиэтилен құбырларға ауыстырып жатырмыз.

Жөндеу жұмыстары кезінде науқастарды уақытша көшіретін орын болмай тұр. Орталықтағы 40 адамның көбі төсек тартып жатыр. Шыдауға туралы келеді. Басқа амалымыз жоқ дейді олар.

Анатолий Синицын, қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғыны:

- Құрылыс жүріп жатыр. Басымыз ауырады. Енді не істейміз. Төземіз бәріне.

Ескі ғимарат іргесі қаланған сәттен жөндеу көрмепті. Ем-шаралар бөлмесі жоқ. Күрделі жағдайға қарамастан, науқастарға қызмет көрсетіліп келеді.

Гүлнәр Абраева, қарттар мен мүгедектер үйінің директоры:

– Санитарлық тораптардың жағдайын сөзбен жеткізе алмаймын. Адам шошырлық жағдайда болды. Бәрін өзгертіп жатырмыз. Жаңа ем-шара бөлмесі пайда болады.

Паллиативті бөлімшенің жиһаздары да көзге қораш көрінеді. Мүгедектерді таситын арнайы көлік те артық болмас еді. Әзірге бұған қаржы тапшы.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы