loader


Елордада суару жүйесінің 30%-і автоматтандырылған

Саябақты суару да күрделі жұмыс. Ағаштың бабын білетін маман ғана істің ебін біледі.

Қаланы көріктендіру жұмысын «Хабар 24» тілшілері көріп қайтты.

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни, 2000 жылдардың басында елорда жазық дала еді. Ширек ғасырға жетпейтін уақыт ішінде көрген жанның таңданысын тудыратын әдемі жасыл қалаға айналды рас. Дегенмен, жасыл желекті суару 30%-ке ғана автоматтандырылған. «Бұл көктің көбеюіне кедергі емес пе?» деген сұрақты маманға қойдық.

Бибігүл Бектемісова, «Астана» көгалдандыру мекемесі бастығының орынбасары:

- Президенттік саябағымыз бар, сосын ғашықтар саябағы бар. Олар 2003-2004 жылдары салынған. Ол жерлерде олар қаралынған.Тек қана олар бұрынғы жүйемен салынған.Сол жердегі құбырлардың көбі металдан жасалған. Металды білесіздер, жердің астында жатып шіриді.

«Астана» көгалдандыру мекемесінің өзінде 80 көлік бар. Олар екі ауысымда тоқтаусыз жұмыс істейді. Автоматтандырылған суаруды 6 жылдың көлемінде қолданып келеді. «Алдағы 5 жылда 50%-ке дейін жеткіземіз», деп отыр. «Тек Президенттік саябақтың құбырларын толық ауыстыру керек», - дейді ведомство өкілдері. Шіріген құрылғылар енді көпке бармасы анық деп отыр.

Ерлан Оспанов, кәсіпкер:

- Қала бойынша бірыңғай автоматтандырылған суару жүйесін жасау өте қымбат болады. Бұл біріншіден, бақылауды, қорғауды талап ететін жүйе. Және де оған арнайы қымбат құбырлар жүргізу керек. Бұл өте қымбатқа түседі деп ойлаймын. Мұндай суару жүйесін тек әдемілік үшін орталық алаңдарда ғана пайдаланған дұрыс.

Нұр-Сұлтанда 100 шақты саябақ халықтың демалатын орнына айналып үлгерді. Оларды суару күнделікті негізде, екі ауысымдық режимде жүргізіледі. Елордада 100-ден астам суару машинасы бар. Қала бойынша 8 мердігерлік ұйым жұмыс істейді. Соның өзінде жұмысшы қолының жетіспей жатқанын компания өкілдері растады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Аят Дүсембаев

Сондай-ақ...