418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

  • 173
  • UPD: 09:52, 29.06.2020
Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды Костанайские новости

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сатпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналасқан 4 адамнан тұратың ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160-тан аса бірлік жиынтығы тәркіленіп алынып, қылмыстық әрекеттен келген табыс 16 млн теңгеден астам соманы құрады.

Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы