429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жусан» операциясының нәтижесінде 144 әйел радикалды ойынан бас тартты

  • 378
  • UPD: 12:38, 29.06.2020
«Жусан» операциясының нәтижесінде 144 әйел радикалды ойынан бас тартты

Былтыр 3200 интернет ресурстан заңға қайшы материалдар анықталып, олар бұғатталды.

«Жусан» операциясының нәтижесінде елге оралған 163 әйелмен мақсатты түрде жұмыс жүргізгеннің арқасында 144 әйел радикалды ойларынан қайтып, олардың біразы зайырлы өмір салтына өтті», - деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Өз сөзінде мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керек екенін айтып өтті.

«Сондықтан, 2019 жылы 5300-ден аса интернет ресурс сарапталып, оның 3200-інен заңға қайшы материалдар анықталды. Олардың барлығы дер кезінде бұғатталды. Түптеп келгенде бұл саладағы біз үшін ең маңыздысы халықтың радикалды ағымға қарсы иммунитетін қалыптастырып, елдегі дінаралық қақтығыстардың алдын алу болып табылады», - деп атап өтті министр.

Хабар 24 телеарнасы