418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында провизорларды көбейту туралы шұғыл шешім қабылданды

  • 188
  • UPD: 14:01, 29.06.2020

Маңғыстау облысында соңғы екі аптада коронавируспен бірге пневмониямен ауырғандар қатары күрт көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24.

Қазір аймақ бойынша 670-тен аса адамның өкпесі қабынып, ауруханада жатыр. Олардың 25-інің жағдай ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ауруханаларда орын тапшылығының туындауына байланысты аймақ басшылары пульмонологиялық провизорларды көбейту туралы шұғыл шешім қабылдады. Ақтаудағы теннис орталығы провизорлық ста-ционарға айналды. Қазір осы орталықтан арна тілшісі Гүлмира Әбішева тікелей эфирге шығып, жағдайды баяндап бермек.

- Жаңа жабдықталған провизорлық стационар науқастарды қабылдап жатыр ма?

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Жоқ, әзірге науқастар түсіп жатқан жоқ. Бірақ теннис орталығы уақытша провизор қызметін атқаруға толық дайын. Теңіз жағалауына жақын орналасқан спорт кешені аруханаға айналады деп кім ойлаған?! Науқастар саны көбейіп, провизорларға сыймай кеткендіктен, осындай шешім қабылданды. Міне, көріп тұрғандарыңыздай, 500 көрермен сыйып кететін үлкен ғимаратқа 150 төсек қойылды. Онда көрпе-төсегі жайылып, дайын тұр. Әр төсектің арасы бір жарым метрден. Мұнда ем жүргізуге облыстың санитар дәрігерлерінің рұқсаты берілген. Бұл провизорда пневмонияның жеңіл және орташа түрлері емделеді. Айта кетейін, бұл орталықты аз уақыт аралығында аурханаға айналдыруға спортшылардан құрылған еріктілер тобы көмектесті. Ақтаудағы барлық спорт мектебінің қызметкерлері 1-2 күн ішінде төсектерді қойып, жабдықтауға атсалысқан. «Көп түкірсе – көл» деген, міне, орталық қазір дайын тұр.

Диктор:

- Гүлмира, өткенде Ақтауда ауруханада сыймай, дәлізде, жерде жатқан науқастардың бейнежазбасы тарап еді. Қазір жағдай қалай?

Гүлмира Әбішева, тілші:

- Иә, өткен аптада дәрігерлер күтпеген көп науқас түскен. Ертесіне жағдай реттеліп, облыстық ауруханадан жаңа провизор ашылды, сыймаған науқастарды сонда жатқызды. Облыстық аурухана ғимаратының «Б» блогынан ашылған орталық 300 адамға арналған. Осы аурухананың 5-6 қабаттарынан тағы 150 орынға есептелген госпиталь ашылғалы жатыр. Бұдан бөлек, Бейнеу ауданында қосымша 55 орын, ал Жаңаөзенде 75 орындық провизорлық орталық әзірленді. Айтпақшы, аймақта дәрігер тапшлығы да сезіліп жатыр. Осы аптада Ақтөбеден 20 дәрігер көмекке келетін болды.

Хабар 24 телеарнасы