426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде пандемия жағдайында отандық БАҚ саласын қолдау шаралары қолға алынған

  • 278
  • UPD: 14:45, 29.06.2020
Елімізде пандемия жағдайында отандық БАҚ саласын қолдау шаралары қолға алынған

Биыл елімізде «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» атты екі жаңа телеарна іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24.

Алғашқысы ертең көрерменге жол тартады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Білім беру бағытындағы екінші «Әл-Фараби» телеарнасы «Хабар» Агенттігінің» базасында күз айларында ашылуы тиіс. Жаңа телевизиялық жобалар тарихи құнды мұраларды кеңінен насихаттауға жол ашады. Телеарналар мемлекеттік тапсырыс негізінде қаржыландырылады. Пандемия жағдайында отандық БАҚ саласын қолдау шаралары да қолға алынған. Мәселен, коммерциялық телерадио арналар 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін аналогтық және эфирлік хабар тарату қызметтеріне ақы төлемейді. Министрліктің тағы бір маңызды бағыты – шетелдегі қандастарымызды қолдау. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері жеңілдетіліп, талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылады.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Елге оралған қандастарымызға 1 терезе қағидасын енгізіп отырмыз. Осының арқасында барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Рәсімдеу уақыты 3 айға дейін қысқартылады. Азаматтық алғысы келетін қандастарға ақпараттық қолдау орталығы құрылып, оған 5 мың өтініш түсті.

Хабар 24 телеарнасы