417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда пневмониядан 349 науқас емделіп жатыр

  • 211
  • UPD: 20:18, 29.06.2020
Оралда пневмониядан 349 науқас емделіп жатыр

Батыс Қазақстан облысында 1431 адам қатерлі індетке шалдығып, 821 ауру ошағы анықталған.

Тек маусым айында өңірде сырқатының клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркеліпті. 893 адам дертінен сауықты. Өңірдегі емдеу нысандарында орын жетіспеушіліне байланысты қалалық көпбейінді аурухана базасында қосымша 389 инфекциялық төсек жасақталды. Тек демалыс күндері стационарға 86 науқас келіп түскен. Осыған байланысты өңірде шектеу шаралары күшейтіліп, адам көп жиналатын жерлерде заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал дәрі-дәрмек тапшылығы алдағы аптада толық жойылады дейді сала басшылары. 

Болатбек Қаюпов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 512 пациент стационарлық ем алуда. Соның ішінде 13 бала, 13 жүкті әйел жеңіл дәрежеде 19, орташа дәрежеде 435, ауыр дәрежеде 58 адам. Оның ішінде  пневмониямен 349 пациент, тоғызы бала. Өкпені жасанды  желдету аппаратына 14 адам қосылған. Барлығы ересек.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басышы:

- Қала тұрғындарынан сұрайтыным әсіресе мынау нысандардың басшыларынан сұрайтыным мысалы көп жиналатын құдалық деген сияқты тойларды өткізбеуге шақырамын. Негізгі мынау аурудың ең көп белгілері болғанда мынау қарым-қатынаста болған кездерде пайда болып отыр. Әсіресе мынау семьялық, үйде болған жағдайларда қарым-қатынаста болғандар арасында аурушаңдық көп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы