417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өкпесі қабынған науқас саны артты

  • 181
  • UPD: 11:20, 30.06.2020
Павлодарда өкпесі қабынған науқас саны артты

Павлодарда тұрғындар өкпенің қабынуымен ауруханаға түсіп жатыр. Өткен тәулікте медициналық көмекке жүгінген 531 адамның 285-і пневмонияға шалдыққан.

Қалған 180 адамнан вирустық инфекция табылды. Маусымның 28-нде 152 адам ауруханаға жатқызылды. Қазір облыс стационарларында 2 мыңдай науқас емделіп жатыр. Фармацевтер қауымдастығы өңірде дене қызуын басатын және вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жеткілікті деп отыр. Медициналық бетперделер мен антисептиктен тапшылық жоқ. Соған қарамастан дәрі-дәрмек қорына мониторинг жасалады. Жергілікті атқарушы билік халықты қажетті медициналық препараттармен қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау көрсетеміз деп отыр.  

Асқар Ғазизов, коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау жөніндегі  комиссияның  ресми  өкілі:

- Өткен жексенбіде аймақтың жедел жәрдем станциясы 925 шарырылымды пысықтады. 103 қызметінің медициналық бригадалары пневмония бар 85 науқасты және ЖРВИ бар 229 науқасты, сондай-ақ коронавирустық инфекция расталған 11 адамды тасымалдаған.

Хабар 24 телеарнасы