428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде дәрі-дәрмек мәселесі таяу арада шешіледі

  • 295
  • UPD: 20:59, 29.06.2020

Шілденің соңына дейін инфекциялық ауруханалардағы жатын орындарының санын 50 процентке көбейту міндеттелді. Пандемияның екінші толқынына осындай әзірлік керек. Президент әкімдерге қолдағы бар мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажеттігін ескертті. Ал елдегі дәрі-дәрмек тапшылығы алдағы 5 күнде толық шешілуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкіметке дәрі-дәрмек партиясын сертификаттау мерзімін қысқартуды тапсырамын. Сондай-ақ ауруханаларға бірінші кезекте қажетті құрылғыларды бір көзден сатып алу тәртібін ұзарту қажет. Мемлекеттік комиссия бұл салада сарқылмайтын қор құруы тиіс. Дәрі бағасының негісзсіз қымбаттауына жол бермеуіміз қажет. Шет мемлекеттерде вирусқа қарсы вакциналарды сынау басталды. Нәтижесі көңіл көншітетін болса, біздің елге жылдам әкелу жолдарын қарастыру керек. Ол үшін алдын ала келісім-шарт жасасып қою қажет.

Хабар 24 телеарнасы