418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұра ауданында жыл соңына дейін қырық отбасы баспаналы болады

  • 185
  • UPD: 23:19, 29.06.2020

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданында биыл 40-қа жуық аз қамтылған отбасы мен қамқоршысынан айырылған жандар баспаналы болады. Бұл мақсатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 696 млн теңге қаржы бөлінген. Қазір үйлердің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.

Нұра кентіндегі 3328 шаршы метр болатын бұл жер аумағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспана салуға берілген.   Қазір осында бірнеше бригадалық топтың жұмысы қызу жүріп жатыр. Мысалы, мына тұста 2 пәтерлі 20 үйдің іргетасы қаланды. Баспананың ерекшелігі ішкі жылуды сақтап, отын үнемдейді. Себебі қабырғанын ішкі және сыртқы бөлігі 10 сантиметрге дейін қалың жылытқыш материалдармен  қапталады. Айтпақшы үй құрылысына тек отандық өнімдер пайдаланылып жатыр.

Нұралы Қалиев, тұрғын үй құрылысы бойынша комиссия мүшесі:

- Қазір үкімет сметалық құжат бойынша ақшаны барлығына бергеннен кейін, бұл үйлердің сапасы былтырғы, биылғы кей үйлерге қарағанда едәуір жақсы. Себебі мына үйлердің қабырғасы қаланып, сыртын жылу жібермейтін материалмен қаптайды. Сырты әдемі кірпішпен қаланады. Бұрын тек шкатуркамен ақтай салатын еді. 

Атап өткендей, жалға берілетін тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Бұған республикалық қазынадан 696 млн теңге қаржы құйылған. Мамыр айында құрылысы басталған нысанды мердігер компания жыл соңына дейін қолданысқа береміз деп отыр. Баспана сапасын әкімдік жанынан құрылған комиссия өкілдері қадағалайды. 

Бақытжан Асанов, мердігер компания өкілі:

- Анау үйлермен салыстырғанда, мұнда қызыл кірпіш. Содан соң, мында 3 бөлмелі үй болады. Пешке жеке кіреберіс болады. 5 жыл кепілдеме береміз. Егер бірдеме дұрыс болмаса, компания есебінен қайта жөндеп береміз. 

Пәтерлер аз қамтылған отбасылар мен күтушісі жоқ жетімдерге және мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Бұдан бөлек көп балалы аналарға арнап аудандық әкімдік жергілікті бюджет есебінен үй сатып бермекші. Жалпы аудан бойынша пәтер кезегінде 365 жанұя тұр.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы