418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қосымша төсек-орындар дайындалып жатыр

  • 145
  • UPD: 22:55, 29.06.2020
Елордада қосымша төсек-орындар дайындалып жатыр

Елордада карантиндік шектеулерді күшейткен абзал. Бұл туралы бүгін Президенттің төрағалығымен өткен кеңесте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Шаһарда 9-емхана тек коронавирус бойынша қызмет көрсетуге көшкен. Ал жоспарлы ем-шаралары кейінге шегеріліп отыр.

Көлгіновтың айтуынша, қалаға қосымша 200 жасанды өкпе желдеткіш аппараты қажет. Сондай-ақ қорғаныш киімдері мен медициналық препараттардың тапшылығы сезіледі. Пандемияның екінші толқынына әзірлік мақсатында қосымша төсек-орындар да әзірленіп жатыр. 

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 200 инфекциялық стационар ашылды. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында ауыр науқастарға арналған 60-тан астам төсек-орын ашылды. Қалалық бірінші көпбейінді аурухана толықтай стационарға айналдырылды. 600 орын. Осының өзінде 90 процентінде науқастар жатыр. Рамада плаза қонақ үйінің базасында 500 орын дайындалуда.

Хабар 24 телеарнасы