417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жедел жәрдем шақырту саны артып барады

  • 164
  • UPD: 23:03, 29.06.2020
Алматыда жедел жәрдем шақырту саны артып барады

Алматыда медициналық көмекке жүгінушілер саны артып барады. Бүгін Мемлекет басшысына, шаһардағы жағдайды баяндаған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді.

Қала ауруханаларында пневмания диагнозымен жатқан науқастар көбейген. Сондай-ақ тәуліктік шақыртулар 4 мыңға дейін артты. Қазір қала бойынша вирус жұқтырғандарды 19 мекеме қабылдайды. 

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі

- Жедел-жәрдем шақыртушылар күрт көбейіп кетті. Мамырда тәулігіне 2 жарым мың адам көмекке жүгінетін болса маусымда бұл көрсеткіш 4 мыңға жетті. Әр жедел жәрдем бригадасына орташа есеппен 19 шақыртудан келеді. Коронавирустан көз жұму жағдайлары да көбейді. Қазір қалада 19 медициналық мекеме осы дертпен күреске жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы