421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік еріктілер дәрігерлерге екі бірдей оттегі концентратын сыйға тартпақ

  • 314
  • UPD: 09:16, 30.06.2020
Ақтөбелік еріктілер дәрігерлерге екі бірдей оттегі концентратын сыйға тартпақ

Қауіпті вируспен күресіп жатқан ақтөбелік дәрігерлерге волонтерлер көмектесе бастады.

Әзірге әдеттегіше азық-түлік жеткізіп жатқанымен, жуырда емдеу ісіне аса қажетті екі бірдей оттегі концентратын сыйға тартпақ. Қымбат құрылғыны сатып алу үшін арнайы есепшот ашылған. Оған еріктілердің игі бастамасын естіген кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар қаржы салып жатыр. Ал әзірше күн сайын қаладағы емханалардың дәрігерлеріне азық-түлік, жеміс-жидек және сусын түрлері таратылып келеді. Бұдан бөлек, провизорлық ста-ционарларға төсек орындар да сатып алған. Айта кетейік, бұл «Анти-COVID-19» волонтерлік тобының алғашқы көмегі емес. Олар елімізде төтенше жағдай жарияланған тұстан бері жалғыз басты қарттар мен зейнеткерлерге және көп балалы отбасыларына 11 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен.

Бақытғали Оразғалиев, волонтерлер тобының мүшесі:

- Қарапайым адамдар жеке шотқа ақшасын аударып, жинап жатырмыз. Қазір Ресейден тапсырыс беріп жатырмыз, ол келгесін біз поликлиникаларға тапсырамыз. Біреуін Мочаловский провизорлық госпитальға, біреуін Теміржол ауруханасына береміз.

Хабар 24 телеарнасы