418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент қаласында жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкер сотталды

  • 129
  • UPD: 11:30, 30.06.2020
Шымкент қаласында жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкер сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, жалған шот-фактура жазу фактісі бойынша кәсіпкерге қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды. 

Айыпталушы мүліктік пайда алу мақсатында заңсыз әрекет арқылы қасақана жалпы сомасы 634 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып, қолма-қол ақшаға айналдыру барысында Шымкент қаласы бойынша ЭТД қызметкерлерімен жедел іздеу іс-шарасы аясында қылмыс үстінде ұсталды.

Абай ауданы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 216 бабының 3 б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау; ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару) сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы