418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараз Қазақстанның туризм орталығына айналады

  • 169
Тараз Қазақстанның туризм орталығына айналады

Қазір Әулиеата өңірінде бұл бағытта 37 туристік нысанды қамтитын 22 жоба әзірленіп, жүзеге асырыла бастады.

Алғашқы шара Тұрар Рысқұлов ауданында ұйымдастырылды. Облысқа еліміздің белсенді азаматтары шақыртылып, аймақтың туристік әлеуеті таныстырылды. Қатысушылар 50-ден астам жол талғамайтын көліктермен киелі «Топағаш» тоғайы, «Арғынкөл» жағалауы және «Сұмқайтты» жазығымен жүріп өтіп, тарихи-мәдени нысандар жөнінде кең көлемде ақпар берілді. Мұндай «Джип-сафари» экспедициясы облыста алғаш рет өткізілді. Экспедициялық турдың негізгі мақсаты мыңжылдық тарихы бар кешендер мен туристердің қызығушылығын тудыратын орындарды анықтап, ішкі туризмді түбегейлі дамыту болып отыр. Айта кету керек, Жамбыл облысында 3400-ден астам тарихи-мәдени құнды ескерткіш сақталған. Оларды тамашалап, көруге облысқа жылда 136 мыңнан астам адам келеді.

Сәкен Майғазиев, әнші:

- Керемет елді мекендері бар. Табиғаты, тауы, тасы бар. Соның барлығын әлемге насихаттау мақсатында жасалып жатқан бұл дүние. Оң жалғасын табады деген ойдамыз. Бірінші енді ішкі туризм дамығаннан кейін бүкіл әлем де Қазақстанды таниды деген ниеттеміз.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

- Сіздер арқылы ең бірінші Қазақстанға, одан кейін бүкіл дүниеге таныту. Ең кем дегенде 10 миллионға жуық қазақстандыққа таралады. Құндылықтырамызды пайдаланып, сол арқылы ең бірінші Жамбыл өңірін, екінші өзіміздің мемлекетімізді әрі қарай дамытуымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы