420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 30 мыңнан астам IT маманы жетіспейді

  • 323
  • UPD: 11:36, 30.06.2020
Елімізде 30 мыңнан астам IT маманы жетіспейді

Экономика мен бизнесті жаппай цифрландыру қажеттігін ескерсек, адами капиталды дамыту маңызды.

Бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі талқыланды. Салаға жауапты министр Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, цифрландырудың басты драйвері ретінде 10 технологиялық платформа іріктеліп, жаңа компаниялар пайда болды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Цифрлық білім» жобасын таныстырды. 2021 жылы цифрлық сауаттылық бірінші сыныптан бастап оқытылады. Ол үшін мектептерде 5 оқушыға 1 компьютерден келетіндей жағдай болуы керек. Сондай-ақ роботтехника мен STEM зертханалары барлық мектепте жабдықталуы қажет. Алдымен мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңа жоба асында 350 мың IT маманын дайындау жоспары бар. Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 5 жылдан кейін халықтың цифрлық сауаттылығы 87 процент болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы