419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалық қымбат мазут отынына тәуелділіктен құтылалды

  • 324
  • UPD: 13:50, 30.06.2020
Арқалық қымбат мазут отынына тәуелділіктен құтылалды

Жыл сайын қаланы жылумен қамтасыз ету үшін мемлекет миллиардтаған дотация бөледі.

Енді көмірге көшсе, шығын 3-4 есе азаяды. Қазір жаңа нысанның іргетасы, қазандықтар мен диірмендер орнатылатын тұғырлар құйылып жатыр. Жоспар бойынша құрылысты 2021 жылдың қазанында аяқтау межеленген. Жаңа орталық қаланы жылумен ғана емес жартылай электр қуатымен де қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жанынан көмірдің күлін өңдейтін зауыт салынбақшы. Жобаның жалпы құны - 7 жарым млрд теңге. Ол іске қосылған соң өз құнын 4 жылда ақтап шығады дейді мамандар.

Ерлан Райысов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:

- Мазутпен жаққанда жылына 2 жарым млдр-тай қаражат аламыз. Ал көмірге көшкенде жылына 600 млн кетеді. Сонда 1 млдр 800 млн үнемдейміз. Енді жылудың бағасы өседі, бірақ айтарлықтай емес. Бірақ бюджеттен ақша алуды қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы