418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жалған құжатпен айналысқан кәсіпкер сотталды

  • 120
  • UPD: 13:50, 30.06.2020
Шымкентте жалған құжатпен айналысқан кәсіпкер сотталды

Үкімді қаладағы Абай ауданының соты шығарды.

Қаржы министрлігіне қарасты Қаржыны бақылау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы өз мүддесі үшін 634 миллион теңгенің есеп-қисап құжаттарын заңсыз жасаған. Қылмыс үстінде ұсталған оған сот үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Хабар 24 телеарнасы