431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ төрт апталық қатаң карантин енгізуді ұсынды

  • 418
ҚР ДСМ төрт апталық қатаң карантин енгізуді ұсынды

Еліміздегі коронавирусқа қатысты ахуал үш бағытта өрбуі мүмкін.

Егер карантин енгізілмесе, тамыз айының соңына қарай күніне 27 мың адам вирус жұқтырады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұлай болған жағдайда қосымша 300 мың төсек орын қажеттігін айтады. Екінші сценарий - екі апталық қатаң карантин. Сол арқылы күніне 7 мың адам кесел жұқтырады. Қажетті төсек орындардың саны 80 мыңға жетеді. Бұл ретте, ең тиімдісі үшінші сценарий деді министр. Ел бойынша төрт апталық локдаун енгізілсе, күн сайын тіркелетін жаңа науқастар саны 2 жарым мыңның шамасында болады.

Хабар 24 телеарнасы