428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент 5-сессия жұмысын қорытындылады

  • 286
  • UPD: 15:37, 30.06.2020

Парламент бес сессияда 161 заң жобасын қарап, 98 құжат қабылдады.

84 заңға Президент қол қойып, өз күшіне енді. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында сессия жұмысы қорытындыланды. Отырысқа үкіметтің, жоғарғы соттың, конституциялық кеңестің, өзге де мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Бұл сессияда мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары бұрынғыдан көп болды. Ұзын саны 35 құжат әзірленді. Олардың қатарында халық өміріне елеулі өзгеріс енгізетін денсаулық кодексі, бейбіт шерулер, саяси партиялар туралы заңдар мен ардагерлер жөніндегі, ұстаздар мәртебесіне қатысты, өзге де маңызды құжаттар бар.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы сессияда Мәжіліс біраз жұмыстарды атқарды, оның ішінде біздер үшін ең маңызды блок деген әлеуметтік экономикалық салаға арналған жобалар, әрине бұл жерде өзіміздің экономикамызды дамыту, индустрияландыру, инновациялық даму деген сияқты мақсаттарға, халықты жұмыспен қамту шағын және орта бизнеске қолдау көрсету сияқты мақсаттарға, қаржы бөлінді, екінші тарабынан бірнеше маңызды заңдар қабылданды.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты заң жобасы қабылданды. Сонымен қатар тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы қабылданды. Халықтың көп көтерген мәселесіне байланысты елді мекендерді жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін заң жобасы қабылданды. Өңірлерді дамытуға байланысты ауылдық елді мекендерді қалаларды ауыз сумен қамтамасыз етуге, жолдарды жөндеуге тұрғын үй салуға байланысты мәселелер шешімін тапты.

Хабар 24 телеарнасы