412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үш күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды

  • 183
  • UPD: 16:21, 30.06.2020
Алматы облысында үш күн бұрын жоғалған жасөспірім табылды

Алматы облысының полицейлері үш күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 10-сынып оқушысын іздеп тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

28 маусым күні сағат 15:45 шамасында Іле ауданының кезекші бөліміне Көктерек ауылының 42 жастағы тұрғыны орта мектептің 10-сынып оқушысы 16 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы арызданған. 

Ол 26 маусым күні әкесі екеуінің арасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен.

Аталған дерек тіркеліп, полицейлер бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің көрші кентте құрылыста жұмыс істеп жүргенін анықтады. Оқушының телефон арқылы анасына хабарлама жібергені анықталды, алайда анасы ол хабарламаны оқымаған. Тәртіп сақшылары оны ата-анасына тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы