431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде коронавирусты емдеу тәсілі өзгереді

  • 554
  • UPD: 17:33, 30.06.2020
Елімізде коронавирусты емдеу тәсілі өзгереді

«Коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу» клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында жазды. Хаттаманың оныншы нұсқасын әзірлеушілер COVID-19-ды жұқтырған, бірақ халі орташа деңгейдегі науқастарға препараттарды амбулаторлық жағдайда қолдану ұсынысын құптаған. Бұл үшін құжатқа амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылды.

Бұдан бөлек, енді емделушілер стационар кезінде Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеуде кеңінен қолданылған «Фавипиравир» дәрісін ала алады. Ал ауыр өкпе қабынуы кезінде дексаметазон препараты қолданылатын болады. Сондай-ақ пациенттің үш тәулікте дене қызуы көтерілмесе, респираторлық симптомдар азайса, компьютерлік томография барысында өкпесі сау болса, науқас амбулаторлық емдеуге ауыстырылады.

Одан кейінгі ем үй жағдайында жалғаспақ.

Хаттаманың 10-шы нұсқасы таяуда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

COVID-19-ды емдеудің жаңартылған хаттамасының толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы