426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жаңа телемедициналық жоба іске қосылды

  • 296
  • UPD: 18:09, 30.06.2020
Қазақстанда жаңа телемедициналық жоба іске қосылды

Елімізде жаңа телемедициналық жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Бастама алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізіледі.Ол тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындарына қолжетімді болады. Бұл жөнінде құзырлы министрлік пен жауапты компания өкілдерінің онлайн баспасөз мәслихатында белгілі болды. Яғни, жаңа жоба аясында медициналық көмекті үйден шықпай алуға мүмкіндік бар. Ол үшін iDoctor.kz порталы арқылы дәрігерлермен тікелей байланыс орнатылады. Онлайн қабылдаулар тегін және ақылы негізде жүреді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішевтің айтуынша, бұл оқшаулауда отырған дәрігерлерге қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. «Ал, қызмет сапасы жіті бақылауда болады», - деді ол.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Дәрігерлер мен науқастар арасындағы әңгіме жазылады. Біз бұны адамдардың жеке басына қатысты ақпаратты жинау үшін емес, қызмет сапасын бақылау үшін қолға алдық. Өйткені жалған кеңестер беріліп, алаяқтық та жасалуы мүмкін. Міне, соның алдын алғымыз келеді. Жоба қауіпсіздікке қатысты тексерістерден өтті және қазір сертификаттауға дайындалып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы