412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үш пойыз бағыты уақытша тоқтатылды

  • 189
  • UPD: 19:45, 30.06.2020
Елімізде үш пойыз бағыты уақытша тоқтатылды Kazakhstan Today

Елде 3 пойыз бағыты уақытша тоқтатылды.

Олар: елордадан Атырауға қатынайтын №19/20 бағыты, бас шаһардан Орал қаласына баратын №95/96 және Алматы-2 станциясынан «Нұрлы жол» вокзалын жалғайтын №701/702 бағыттары. Аталған бағыттар тек Тальго пойыздарына қатысты. Сондықтан бұл шектеу шарасы карантиндік емес, коммерциялық болып саналады.

Жолаушылар тарапынан сұраныс артқан кезде ғана аталған бағыттар қайта іске қосылады. Азаматтардың алдын ала сатып алған билет құны толық өтеледі.

Хабар 24 телеарнасы