418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейді

  • 183
  • UPD: 20:27, 30.06.2020
Маңғыстау облысында пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейді

Маңғыстау өңірінде пневмонияға шалдыққандар күрт көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24.

Науқастардың саны мыңға жетіп қалды. 70 адамның жағдайы ауыр. Тағы 13 сырқаттың жанын сақтап қалуға дәрігерлер барын салып жатыр. Соңғы уақытта жергілікті стационарларға 144 адам түскен. Өкінішке қарай 19 науқас қайтыс болды. Облыста 4 денсаулық сақтау мекемесі індет жұқтырғандарды қабылдайды. Орын тапшылығы болған жағдайда теннис орталығындағы стационар дайын тұр. Облыстық аурухананың «В» блогында қосымша провизорлық орын жасақталды. Бірақ ол жерге медицина қызметкерлері жетіспейді. Қазір ең кемі 25 дәрігер керек. Апта соңына дейін Ақтөбеден 20 маман келуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы