417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада инфекциялық ауруларға арналған орын саны артты

  • 150
  • UPD: 20:50, 30.06.2020
Қызылордада инфекциялық ауруларға арналған орын саны артты

Қызылордада қосымша инфекциялық ауруларға арналған 80 орын ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Оның жиырмасы Ана мен бала орталығында, қалғаны облыстық және қалалық көпбейінді ауруханада жабдықталды. Бұған дейін ауыр жағдайдағы науқастар тек облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып келді. Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты инфекциялық стационар 265 төсек-орынға кеңейтіліп, 510 орынға артты. Провизорлық стационарда 700 төсек бар. Ал, карантиндік орын саны қазір барлығы 860-ты құрайды.

Жақсылық Абдусаметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда провизорлық төсек-орындар қаланың көлемінде қалалық аурухана толық провизорға ауысты, темір жол ауруханасынан 40 төсек, тері аурулары ауруханасынан 50 төсек орын, психоневрологиялық орталықтан 30 төсек-орын, фтизиопульмонология орталығынан 80 төсек-орын бүгін ашамыз, яғни барлық ауруханалардың мүмкіндігін қазір толық пайдалануға жұмыс жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы