412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да дауыл зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр

  • 96
  • UPD: 22:22, 30.06.2020
БҚО-да дауыл зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр Мой город

Батыс Қазақстан облысында дауыл салдарынан бірнеше ауданда жарық сөніп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келген, деп хабарлайды «Хабар 24.

Зардап шеккен аумақтың жалпы көлемі 1434 шаршы метр. Қатты желдің екпінінен 47 электр бағаны мен ұялы байланыс операторларына тиесілі бірнеше мұнара құлады. Салдарынан Тасқала, Ақжайық, Сырым, Жаңақала және Қазталов аудандарының елді мекендері жарықсыз қалды. Жеке тұрғын үйлер мен нысандардың шатыры ұшқан. Облыс орталығында жаңбыр суы тиген трансформатор өртеніп, тұтас шағын аудан уақытша жарықсыз қалды.

Хабар 24 телеарнасы