418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы демалыс базаларында құтқару бекеттері жоқ

  • 157
  • UPD: 22:58, 30.06.2020
ШҚО-дағы демалыс базаларында құтқару бекеттері жоқ

Шығыс Қазақстандағы көптеген демалыс базаларында құтқару бекеттері жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24.

Жалпы облыста суға шомылуға рұқсат етілген 180 жағажай бар. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, олардың көпшілігі Бұқтырма су қоймасы мен Алакөлдің аумағында. Алайда, сол жерлердің басым бөлігі құтқару бекеттерімен жабдықталмаған. Нысан иелері заң талаптарын орындамай, жұмыстарын жайбақарат жалғастырып жатыр. Ал, құтқарушылардың талап қоюына заң кедергі. Мәселен, тек қана Бұқтырма бойында 140-қа жуық демалыс базасы орналасқан. Олардың тек 30-ында ғана құтқару бекеттері жарақталған екен. Өңірдегі суға шомылу маусымы қайғылы жағдайларға толы. Тек маусым айында облыста 17 адам суға кеткен, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе артық.

Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

- Бұқтырма су қоймасына 151 жағажай басшысына 151 хаттама жіберілді. Бекеттерде не болуы керек, яғни әр жағажайда стендтер,орналастырылып, ол стендтерде құтқару жасағының нөмірі, қоғамдық құтқару жасағының нөмірі,су акваториясының картасы.Су акваториясының картасы дегеніміз, суға түсу жағажайының мүмкін болатын терең жерлері болады,сол жерлердің барлығы көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы