412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 93
  • UPD: 23:53, 30.06.2020
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды stan.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты 1 шілдеге бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақтөбе облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде оның күші 15-20 м/с артады.

Хабар 24 телеарнасы