418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ірі қара малдан бруцеллез анықталды

  • 161
  • UPD: 09:48, 01.07.2020
СҚО-да ірі қара малдан бруцеллез анықталды

Солтүстік қазақстан облысында 25 ірі қара малдан бруцеллез індеті анықталды. Жұқпалы аурудың ошағы тіркелген Өндіріс елді мекені бүгінгі күні ветеринарлардың қатаң бақылауына алынды.

Жергілікті тұрғындар қауіпті дерттен құлан таза. Қазір бұл кеселдің белең алмауы үшін округ әкімі және ветеринарлық дәрігердің шешімімен ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Айта кеткен жөн, өткен аптада өңірдегі Тимирязев ауданында да 7 малдан осы ауру анықталған еді. Қазір мұнда жағдай тұрақты.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Өндіріс елді мекенінде ауруға шалдыққан малдардан әр 15-20 күн сайын сынама алынады. Мұнда қазір біздің мамандар санитарлық талаптардың орындалуын қатаң қадағалауда.  Ал Тимирязев ауданында жағдай жақсы. Мұнда жеті бас ірі қара сойылып, ет комбинаттарына тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы