417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстанда ЖШС басшысы 188 млн теңге салықтан жалтарған

  • 157
  • UPD: 10:35, 01.07.2020
Шығыс Қазақстанда ЖШС басшысы 188 млн теңге салықтан жалтарған

Шығыс Қазақстан облысында 188 млн теңге сомасында салықтан жалтару фактісі анықталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2015-2018 жылдар аралығында 188 миллион теңге сомасында салықтан жалтарған ЖШС басшысының жолын кесті.

ЖШС басшысы табыстар мен шығындар туралы декларацияға жалған мәліметтер енгізе отырып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 245 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы