417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілерге Украина нарығы сақталып қалды

  • 165
  • UPD: 10:50, 01.07.2020
Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілерге Украина нарығы сақталып қалды Egemen.kz

Украина тыңайтқыштардың импортына қатысты қорғау тергеп-тексерулерін шараларды қолданбай аяқтады.

Украина нарығы «Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ қазақстандық компаниялары өндіретін тыңайтқыштарға арналған негізгі өткізу нарықтарының бірі болып табылады.

Қазақстанның Украинаға орташа жылдық экспорты шамамен 41 млн АҚШ долларына 110 мың тонна құрайды. Мұндай нарықтың жабылуы отандық кәсіпорындарға теріс әсер етуі мүмкін еді.

Тергеп-тексеру жүргізудің бүкіл кезеңі ішінде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық зауыттардың мүдделерін қорғап, Украинаның уәкілетті органымен тығыз ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық сауда министрлігінің бастамасымен қазақстандық тыңайтқыштар үшін квоталар беру немесе қазақстандық тауарды шара қолданысынан шығару мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ қазақстандық тарап Украинаның уәкілетті органының шешімін сот тәртібімен даулау мүмкіндігін жоққа шығармады. Алайда, Украина саласындағы келтірілген дәлелдер мен жағдай өз күшін алып, қорғау шаралары нәтижесінде қабылданған жоқ.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазақстандық компаниялар дәстүрлі өткізу нарығына экспортты жалғастыра алады.

 

Хабар 24 телеарнасы