419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда инфекционист дәрігер жетіспейді

  • 502
  • UPD: 14:15, 01.07.2020
Алматыда инфекционист дәрігер жетіспейді

Алматы қаласына медицина мамандары керек. Қазіргі уақытта жұқпалы және провизорлық стационарларда жұмыс істеу үшін дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, зертханалардағы жұмысқа арнайы мамандар мен волонтерлер қажет.

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Пандемия ұзаққа созылды. Қабылданған шараларға қарамастан салаға қосымша күш керек. Біз медицина қызметкерлерін пандемияға қарсы күресте көмектесуге шақырамыз» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы